Зауыт тынысымен танысты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы «ЖАС КАНАТ – 2006» ЖШС кәсіпорнына барып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты, сонда-ақ әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын бақылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кәсіпорын жоғары сапалы және экологиялық таза өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиямен жабдықталған. Жылына 260 млн дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өндіреді.
Кәсіпорын өнімдері тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде де үлкен сұранысқа ие.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды жүргізуде. Бүгінгі таңда облыста жұмыртқа бағасы тұрақтанды. Бұған өнімге С-1 шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу, яғни он жұмыртқаны 350 теңгеден сату ықпал етті", — деп атап өтті өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорлары құрылған еді. Тұрақтандыру қорына 13 түрлі тауар сатып алынды. Бүкіл облыс бойынша тауар интервенциялары жүргізілуде. Жалпы қорда 2,1 мың тонна өнім бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓