Күн мәліметі: +32 адам

18 маусымда Қостанай облысында коронавирус 32 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. — 13, Рудный қ. — 5, Денисов ауданы – 4, Арқалық қ., Қарабалық және Мендықара аудандарында 2-ден, Лисаков қ., Әулиекөл, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
24 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 7 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 18 маусым аралығында COVID-19-ды  16384 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 15945.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓