Су тапшылығы сезілді

Қостанай ауданының Тобыл қаласы мен Заречный ауылында су тапшылығы мәселесі әлі өзекті. Осы түйткіл туралы "Затобол ЖЭК" КМК директоры Александр Фищук ақпарат берді. 
Оның айтуынша, жауын-шашынның болмауына байланысты, су тұтынысы қайтадан шамадан тыс артқан. Үнеммен беру кестесінің құрылғанына қарамастан, судың жиналу қоры бәрібір аз көрінеді.
"Екі күн ішінде су деңгейі 60 сантиметрге төмендеп кетті. Қазір қордағы су көлемі – 35%. Тіпті шектеу шараларын қабылдасақ та, жағдай қиын. Жұмада ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түседі деп жорамалданып еді. Егер жаңбыр жаумаса, қазіргі кестені қатаңдата түсуіміз мүмкін, — дейді А.Фищук. -Айта кететін жәйт, қазіргі кезде ауыз судың көп мөлшері бау-бақшаларды суаруға кетеді, заң бойынша тыйым сала алмаймыз, сондықтан тұрғындардан суды үнеммен пайдалануды сұраймыз".
Қостанай ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожол бөлімі жетекшісі Қайыржан Құрманғалиевтің мәлімдеуінше, бұл күрделі жағдайдан құтылудың жалғыз жолы – Тобылдан бастап Заречныйдың су сорғысына дейінгі аралықты жалғайтын қуаттылығы 6 мың текшелік су таратқыш құрылысы. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 405 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.  Нысан осы жылдан кешікпей пайдалануға беріледі. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓