«Дәстүр мен ғұрып»

Осындай атаумен Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында ауыл мәдениет үйлері мен клубтары арасында онлайн — фестиваль ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ел ішіндегі ұмытыла бастаған дәстүрлерді жаңғыртып, тарихи сананы кеңейтіп, рухани құндылықты насихаттау, жас ұрпақтың бойына халық өнегесін дәріптеп, қазақ халқының салтдәстүрлері мен әдетғұрпын құрметтеуге үндеу.
Арнайы жоба нәтижесінде халқымыздың «Жеті ата», «Енші беру», «Қыз айттыру», «Бесікке салу», «Қонақкәде», «Қымызмұрындық», «Сүйінші сұрау», «Көрімдік беру», «Көгентүп», «Ерулік», «Айрылысар көже», «Ашамайға мінгізу», «Қалау», «Ілу», «Қазан шегелеу», «Қорықтық құю», «Асату» сынды көптеген дәстүрлері қайта жаңғырды.
Әлеуметтік желілерде көпшіліктің қызығушылығын туғызған фестиваль қорытындысында қазылар алқасының шешімімен: І орынды – Алуа ауылдық клубы, ІІ орынды – Целинный ауылдық клубы, ІІІ орынды – Екідің ауылдық мәдениет үйі, ІІІ орынды – Қайыңды ауылдық мәдениет үйі иеленді.
Аталымдар бойынша: Молодежный ауылдық мәдениет үйі – «Көрермен көзайымы»,
Фурманов ауылдық мәдениет үйі – «Ұлттық киімді насихаттағаны үшін», Восточный ауылдық мәдениет үйі – «Ауыл бірлігі үшін» ерекшеленді.
Жүлделі орындар мен номинацияға ие болған ауыл мәдениет үйлері мен клубтары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓