Баға бақылауда

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өтті. Оның барысында облыста "Е-өтініш" ақпараттық жүйесін және "Нәтиже" орталықтарын енгізу мәселесі қарастырылды.
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында Қостанай облысында 22 "Нәтиже" өтініштерді қабылдау орталығы құрылды. Жобаны іске асыру үшін қосымша "Қазпошта" АҚ облыс бөлімшелерінің базасында 81 автоматтандырылған пошта байланысы бөлімшесі бар.
"Е-өтініш" АЖ енгізуге қатысты ағымдағы жылғы 1 шілдеден кейін жаңа Кодекс форматына көшу шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша Медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.
Сондай-ақ, отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бойынша ағымдағы жағдай және оларды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселесі қарастырылды.
Облыс толықтай дерлік өз өндірісінің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде. Соңғы аптада облыста, жалпы республика бойынша бөлшек саудада және көтерме кәсіпорындарда картоп пен сәбіз бағасының күрт өсуі байқалады. Картоп пен сәбіз бағасының өсуі өндірістің маусымдылығына және жаңа дақыл өнімдерін сататын көтерме жеткізушілердің бағасының өсуіне байланысты. Өткен жылдың қорлары таусылып, оңтүстікте жаңа егін жиналған кезде жағдай туындайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорлары қалыптастырылды, тұрақтандыру қорына 13 өнім атауы сатып алынды, бүкіл облыс аумағында сатылатын тауарлық интервенциялар жүргізілуде.
Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының қорларында 332,6 млн теңге сомасына 2,1 мың тонна өнім бар.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне күн сайын баға мониторингін жүргізуді жалғастыруды тапсырды. Және бұзушылықтар анықталған жағдайда өндірушілер, көтерме және бөлшек сауда арасындағы бағалық сөз байласу фактілері туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментін уақытылы хабардар етуі қажет.
Әсел ЖАНДОСҚЫЗЫ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓