Мерейі үстем «Мерейлі отбасы»

2013 жылдан бастап елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды. Бұл ауқымды жоба отбасылық құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің қазақстандық имиджін қалыптастыруға арналды. Елбасының ұсынысымен қолға алған жоба – бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Жыл сайын бұл жобаға халықтың үлкен қызығушылықпен қатысып жүргенін көріп отырмыз. Жоба басталғаннан бері бүгінге дейін еліміздің 15 мыңнан астам жанұясы осы байқауға қатысты. Мұның өзі – біздің қоғамға отбасы құндылығын дәріптейтін, үлгі көрсететін ерекше жобаға айналғанын көрсетеді.
   Лисаков қаласындағы мәдениет үйінің үлкен залында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл байқауға шаһардағы түрлі жетістіктерімен халықтың көзайымына айналған 10 отбасы қатысып отыр.
   — Барлық қатысушы отбасыларға белсенділік танытқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз. Енді жоба жеңімпазы облыстық кезеңде қаламыздың абыройын жоғары деңгейде қорғайды деген сенімдемін. Осы орайда шаһарымыздың тұрғындарын жыл сайын келетін тамаша ұлттық байқауға белсене қатысуға шақырамын. Бұл жерде отбасылық құндылықтың одан әрі нығаюына үлкен даңғыл жол ашылады, жанұядағы татулық, береке-бірлік артып, келешек ұрпаққа мәні зор тәрбие болып қалыптасып қалатыны анық, — деді Лисаков қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Ғабдрахманов құттықтау сөзінде.
    Үлкен экранда отбасы құндылығын дәріптеген бейне ролик көрсетілді. Сахнада қаланың өнерпаздары әннен, биден шашу шашты.
     Сонымен, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына белсенді қатысқаны үшін Шукатаевтар, Симбаевтар, Ушаковтар, Кий, Сулейменовтер, Лыжиндар, Кан, Лыжиндер    отбасылары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
     «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде «Өнегелі отбасы» номинациясында Кокотовтар, «Парасатты отбасы» аталымында Ержановтар отбасы жеңімпаз деп танылды.
      Ал жобаның басты марапаты саналатын «Мерейлі отбасы» номинациясына Балдиковтар отбасы ие болды. Ендігі кезекте «Парасатты отбасы» атанған Ержановтар мен «Мерейлі отбасы» атанған Балдиковтар ұлттық байқаудың облыстық кезеңінде Лисаков қаласының намысын қорғайтын болады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Дархан:

    Лисаковтықтар, жарайсыздар. Жарыққа шығарып жатқан Қоатснай Таңына мың алғыс. Абырой болып қалды біз үшін)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓