Ыбырай ата ізімен

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында 2021 жыл – "Балалар әдебиеті жылы" деп жариялады. Осы орайда, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің 30 жылдығының тұспа-тұс келуі де бекер емес.
Облыстық мәдениет басқармасының "Кітап ауласында" "Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы" мәденитанымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шара аясында бүлдіршіндер ұстаз өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алып, арнайы ұйымдастырылған киіз үйде жас Ыбырай ұстаздан өсиет тыңдап, ХІХ ғасырдың жазба құралдары сия сауытты өз қолдарымен қолданып көрді. Сондай-ақ, балалар Ыбырай шығармашылығы мен өмірбаяны негізінде құрастырылған викториналық сұрақтарға таласа жауап беріп, ұстаздың әңгімелерінің мазмұнын айтып, өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқап, белсене атсалысты.
"Кітап ауласындағы" Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі ұйымдастыратын іс-шаралардың кезекті легі жалғаса береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓