Жаңарған елдің жасампаз тұлғалары

Заман жаңарды, дүние өзгерді. Жаңа заманның талаптары да өзгеше. Оның айғағы, қазір мемлекеттік қызметке екінің бірінің жүрегі дауалап бара бермейтін болды. Мемлекеттік қызметші болу – зор жауапкершілікті мойынға алу. Халықтың қамын, мемлекеттің мүддесін бәрінен де жоғары қою – бұлжымас міндет.
Бүгінгі таңда Арқалық қаласы бойынша 130 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Жыл басынан бері 12 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберілген. Сондай-ақ, 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары жоқ.
Есепті кезеңде қаланың жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 802 өтініш түскен. Олар: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 255, жерді пайдалану – 220, білім беру – 73, жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 35. Барлығы 616 өтініш қаралды. Қанағаттандырылғаны – 398, бас тартылғаны – 23, түсіндірілгені – 183, тоқтатылғаны – 12.
Арқалық қаласы әкімінің аппараты 2021 жылдың сәуір айында қаланың жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізді. Талдауға сәйкес сәуір айында жеке қабылдаудан 67 өтініш тіркелген.
Төтенше жағдай кезінде азаматтарды жеке қабылдауды тоқтата тұруына байланысты қабылдаулар телефон байланысы арқылы жүргізілді.
2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында "Nur Otan" партиясының Арқалық қалалық филиалында 12 қабылдау жүргізіліп, 35 адам қабылданды.
Арқалық қаласы әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан "Электрондық үкімет порталы" арқылы 278 өтініш келіп түсті. Өтініштердің ішінен құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға 153 өтініш қайта жолданды. Әкім аппаратында 226 өтініш тікелей қаралды. Оның ішінде: қанағаттандырылғаны – 121, түсіндірілгені – 93, бас тартылғаны – 3, тоқтатылғаны – 9.
Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, стандарттарға, байланыс телефондарына сілтемелер бар провайдер орнатылған. Ол арқылы халық мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ала алады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында барлығы 57 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Халықты қамту – 6674. Әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында ЭСҚ алу бойынша материалдар жарияланған, бейнематериалдар әзірленген, банерлер жасалған, мақалалар жарияланған. Тікелей эфирлер өткізіліп, кері байланыс орнатылған.
Бауыржан Бралин,
 Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы, Арқалық қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл:
– Жалпы, қоғамның қай топ өкілі болмасын, әдепті, кішіпейіл, мәдениетті болып жүргеніне не жетсін?! Алайда, мемлекеттік қызметші мемлекеттің айнасы болғандықтан, бізге қойылар талап та екі еселенетіні заңдылық. Осы орайда, біздің, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, негізгі міндетіміз де мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептік құндылықтарын дамыту болып табылады.
"Өзгені тәрбиелеме, өзіңді түзе" – дейді халық даналығы. Мұның астары, өзің мемлекеттік қызметшіге сай мінез көрсетпесең, қанша жерден айналаңа тәлім беріп, әдеп жайлы сағаттап әңгіме айтсаң да нәтижесін бермесі анық. Сол себепті, әуелі өзім қызметте де, былайғы уақытта болсын жүріс-тұрысыммен, киген киім, сөйлеген сөзіммен, жасаған іс-әрекетіммен өзгеге үлгі болуға тырысамын. Осылайша әріптестерімді әдепті болуға үндеп қана қоймай, жалпы қоғамда: "Мемлекеттік қызмет – жауапты, һәм мәртебелі мамандық" деген көзқарастың қалыптасуына сәл де болса үлесімді қоссам деймін.
Қазір техниканың дамыған заманы. Ғаламтор, әлеуметтік желі деген дүниелер жаппай қолданыста. Бұл өз кезегінде біздің сауысқандай сақ болуымызды талап етеді. Аңдамай сөйлеп, абайсыз іс жасасаңыз, әдептен аттап, оғаш қылық көрсетсеңіз, жылдап жинаған абыройыңызды айрандай төгіп қана қоймай, мемлекеттік қызметші деген мәртебелі атқа кір келтіресіз. Мен осы жайды, Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жоспарлы шаралардан тыс мемлекеттік қызметшілерге күнделікті әңгімелескенде айтып, ескертіп жүремін. Мұным нәтижесіз емес те. Әріптестерімнің арасында мұндай теріс әрекетімен әшкере болғандар жоқ.
 Абай айтқан бес асыл іс: "талап, еңбек, терең ой, қанағат пен рақым" әр мемлекеттік қызметшінің бойынан табылып, "өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ" сынды керітартпа қылықтардан бойын аулақ ұстасақ қана, әдептіліктің озық үлгісін көрсетіп қана қоймай, Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуына зор үлесімізді қосамыз деген ойдамын.
Ләйлә Қалиева,
Арқалық қаласы әкімінің аппараты Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
– Қала әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдаулары өтеді. Ол белгіленген кесте бойынша, әкімнің бекітуімен жүргізіледі.
Сұрақ болса біз алдын ала жазып, қабылдау санитарлық жағдай бойынша телефон арқылы өткізіледі. Заңға сай жауап дайындалып, электронды поштасына жіберіледі.
Жеке қабылдауға жазылу үшін адамдардың аты-жөнін, жұмыс орнын, тұрғылықты мекенжайын және ЖСН аламыз. Жаңа форматқа көшуге байланысты алдағы шілдеден басап "Е-Өтініш" бағдарламасымен жұмыс істейміз. Жеке қабылдауларды соған кіргіземіз. Онда әкімнің орынбасарлары өз жауаптарын айтып бірге отырады. Белгіленген кесте әкімнің сайтында және газетке шығарылады. Байланыс нөмірлері көрсетіледі. Сол бойынша адамдар хабарласады.
Кейбір жағдайлар болады, мысалы тұрғын үй кезегін білу сияқты. Ондай жағдайда сұрақты әкімге жібермей-ақ, әкімнің орынбасарлары жауап береді.
Тұрғындарды жеке қабылдаудың "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында бөлек кестесі бар. Тоқсан сайын бірыңғай қабылдау күні өткізіледі. Қалаға қарасты ауыл әкімдері оны ай сайын өткізеді.
Әлиасхаб Магомедов,
Арқалық қаласы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бас инспекторы:
– Бақылау қызметі 7 тексеру объектілері бойынша бақылау шараларының жоспары бекітілді. Мәселен, Ашутасты ауылы әкімінің аппаратында және Фурманов ауылы әкімінің аппаратында 2 тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 3 ұсақ бұзушылық анықталды. Жіберілген кемшіліктер: мерзімі өткен есеп жарияланбауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттырудың қамтамасыз етілмеуі және мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге бағытталмауы.
Өткен жылмен салыстырғанда бұзушылықтар 2 есеге азайды. Негізгі жұмыс мониторингтік жоспарлы тексерулерге дейін, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері туралы есептерді жүктеу, жұмыс органының ішкі порталының скриншоттарын алу алдындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіледі.
Қызмет көрсетушілер 20814 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде: GO арқылы – 50, мемлекеттік корпорация арқылы-796, портал арқылы – 19 968. Шағымдар саны – 0, бас тарту саны – 56. Уақытты бұзу – 0.
"Арқалық – адалдық алаңы" аймақтық жобалық кеңсесін іске асыру азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ахуал құруға бағытталған.
Жоба білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, сәулет, құрылыс және тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, мемлекеттік кірістер органдары, сот және құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауапкершілігі арқылы жүзеге асады.
2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында "Арқалық – көмек аланы" фронт-кеңсесі арқылы 579 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы – 16, портал арқылы – 563. Сонымен қатар, қызмет алушыларға жағдай жасалды. Яғни, "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы", Wi-Fi кіру нүктесі, әдістемелік брошюралар бөлінді. Құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, білім бөлімдері және жұмыспен қамту орталығы бекітілген.
Биылғы жылы осындай фронт-офистер қалаға қарасты Ашутасты және Родина ауылдық округтерінде де ашылады деп жоспарланған.
Абай Фазылжан,
ҚР "Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің" Қостанай облысы бойынша департаменті Арқалық қалалық Тестілеу орталығының операторы:
– Арқалық қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің тест тапсыру орталығы жұмыс істейді. Біз тест тапсырушыларға техникалық жағынан сілтеме жасаймыз. Бұл жерге азаматтар ХҚКО арқылы тіркеліп барып, келеді. Және де мұнда басқа да тестілеу түрлері қарастырылған. Мысалы, мемлекеттік коорпорация, коммерциялық, ұлттық сапа көрсеткіші, қазавтожол т.б. бойынша үміткерлер тестілеу тапсырады.
Тестілеу орталығына қалаған азаматтар келіп, сынақтан өте беруге болады. Жұмыс жағынан емес, өз еркімен де келіп тапсыруға болады.
Орталық 2019 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастаған. Қостанай облысының жақын аудандарынан келіп тапсырады. Сол сияқты, Ақмола облысының көршілес елді мекендерінен де келіп, бақтарын сынайтындар бар.
Келушілер орталықтың тұрғылықты жеріне жақындығын айтып, басқарушы органдарға ризашылықтарын білдіруде.
 Мұрат
 ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суреттерді түсірген автор.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓