Өзіңді өзің қорғай біл

"Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы" Қостанай филиалы мен "Dara bala" мәдениет пен спортты қолдау және дамыту" қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың мақсаты Қостанай облысы халқының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бірлескен білім беруге бастама, спорттық және ұйымдастыру іс-шараларын өткізу жолымен саламатты өмір салты идеяларын дамыта түсу. Мысалы, ынтымақтастық аясында рингтегі жұдырықтасуға емес, зорлық-зомбылыққа қарсы күресте әйелдерге көмектесуге арналған әйелдердің өзін-өзі қорғау сабақтары жоспарланған. Бұл арнайы физикалық дайындықты қажет етпейтін әдістер мен дағдылардың, қарапайым қозғалыс техникасының бағдарламасы. Жауынгерлік техниканы үйретуден басқа, қыздарға психологиялық қорғаныс және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары үйретіледі. Дене шынықтырудан басқа, уақыттың көп бөлігі қиын жағдайдағы стресске қарсы дайындыққа жұмсалады.
– Қазіргі қоғамда зорлық-зомбылық мәселесі ушығып тұрғанын барлығымыз да білеміз. Осы мәселе мені көп алаңдататын. Бізде алдын алатын шаралар жоқтың қасы. Сондықтан осындай курс болса қалай болады деп ойлана келе қолға алдық. Біз бұл курста 12 дене шынықтыру сағаттары мен 3 теориялық сабақтарын өткіземіз. Психологтармен жұмыс жүргізіледі. Бұл біріккен жоба. Отбасы құндылығын жоғалтпай, нәзік жан иелері қиын жағдайларда өздерін қорғай алатынын көргіміз келеді. Алдағы уақытта Павлодар қаласында да курс ашылмақ. Бұл әлеуметтік жоба болғандықтан тегін болады. Арнайы чат құрып, қорытынды шығарамыз. Курсқа жазылу үшін тіркеліп, анкета сұрақтарына жауап беруі қажет. Қазір сексеннен аса қыз-келіншектер тілек білдірді. Алғашында отыз адам аламыз деп жоспарлаған едік. Әр адамның айтар оқиғасы бар. Олардың қай-қайсысы ойлантады. Сондықтан біз мұндайда үнсіз қалмауымыз керек деп ойлаймын, – дейді "Dara bala" мәдениет пен спортты қолдау және дамыту" қоғамдық қорының директоры Зарина Көкжанова.
А.ӘБДІЛДА.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓