Өндірістің өрісі кең

Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.В.Утюпин мен "Минск трактор зауыты" ААҚ бас директоры В.М.Вовк бастаған делегация жуырда Қостанай облысына келді.
Шетелдік меймандар "Агромашхолдинг KZ" АҚ базасындағы оқшаулау орталығымен танысты. Ол жерде машина жасау саласындағы өндірісті одан әрі оқшаулау мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен машина жасау саласындағы алдағы жоспарлар талқыланды. Кездесудің нәтижесінде екі жақты ынтымақтастық пен серіктестіктің маңызы да сөз болды.
Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта "Композит Групп Қазақстан" ЖШС алаңдарында "Беларус" тракторлары өндірілетінен айта кетейік. "Беларус" маркалы тракторларға арналған компоненттер өндірісін жолға қою арқылы өндірісті арттыруға қатысты келіссөздер белсенді жүргізілуде. Екі ел арасындағы мұндай ынтымақтастық біздің облысымыздағы машина өндірісінің өрісін кеңейтуға зор ықпалын тигізері анық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓