Алғашқы көшбасшылар

Облыста "Ashyq" жобасының көшбасшылары анықталды. Бұлардың дені соңғы екі аптадағы Ashyq қосымшасында ең көп тіркелген кәсіпорындар. Оның барлығы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында жазылған қосымша жеңілдіктерге ие болады. "Қостанай облысында "чекиннің" ең көп санын "Therma Park" ЖШС, "ZODIAC Cinema" ЖШС, "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ, "Cinema Park Kostanay" ЖШС, "Мираф" ЖШС жинады. Ерікті қатысушылар арасында да көшбасшылар бар. Бұл Рудный индустриалдық институты, балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі және т.б.", – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Қостанай облысы қазір "жасыл" аймақта тұрғандықтан, "Ashyq" көшбасшылары" мәртебесін алған бизнес-объектілер жұмыс режимін екі сағатқа ұзарта алады. Сондай-ақ, объектінің толтырылуын 10%-ке арттыруға себесін. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауды жалғастырып жатыр. "Ashyq" қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша бизнес субъектілері 8 7142 394208 және 8 777 268 47 08 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, облыста "Ashyq" сәуір айында енгізіле бастады. Жоба шеңберінде covid-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен жұмысшыларды қорғауға мүмкін-дік зор. Тіпті, бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR коды мен ПТР-дің жалпы базасымен интеграцияланудың арқасында қосымша келушінің, ол вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па деген тәрізді мәртебесін анықтайды. "Қызыл" мәртебе – қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үй оқшаулауының қатаң режимін сақтауды білді-реді. "Сары" – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пайдаланушы ПТР деректер базасында байланыс ретінде белгіленген: пациент үйде оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және аппараттық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. "Көк" – бұл мәртебе үшін ПТР міндетті болатын жерлерден басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ. "Жасыл" мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерек-қорда covid-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓