Шанаңды жазда сайла

Қостанайда дәстүрлі «Агросезон KST» ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Көрме биыл осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Петропавл қаларынан көптеген кәсіпкер келді. Тіпті, арасында ресейлік қонақтар да жүр. Әлбетте, өңірдегі ауылшаруашылығымен ұдайы шұғылданып жүрген шаруалар да мұндайды қапы жібермейді.
Сәбит Көпбосынов көптен бері егін егумен айналысады. Ол қолдағы техникаларының дені тозғанын айтады. Оның үстіне бұрынғы кеңестік дәуірден қалған ескі-құсқы тракторлардың жұмысы өнімсіз. Ол былтыр екі бірдей егіс кешенін сатып алған. Биыл да көрмеге сондай оймен келген.
– Агрокөрмеге осымен үшінші рет келіп отырмын. Жылда бірдеңе қарап кетемін. Мына техникалардың көбісі шаруа адамы үшін таптыртпайтын жабдықтар. Бағасы да аса қымбат емес. Лизингке алуға болады. Қазір болашағын жермен, ауылшаруашылығымен байланыстыратын кез келген фермер қолындағы құрал-жабдығын жаңалап алмаса болмайды. Ол бір жағынан еңбек өнімділігін арттырады. Сосын оған жиі-жиі қосалқы бөлшек іздеп сабылмайсың, – дейді кәсіпкер.
Ауылшаруашылық көрмесіне фермерлер арасында зор сұранысқа ие ауылшаруашылық техникаларының барлық түрі қойылды. Техникалардың бәрі егін егуге, егістікке күтім жасауға, жем дайындау кезінде және астық жинауға таптыртпайды. Сонымен қатар, әлеуетті сатып алушыларға тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарына мамандандырылған компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Көрмені ұйымдастырушысы Ләйлім Әбдірахманованың айтуынша, әдеттегідей кәсіпкерлер сату шарттарынан басқа, ынтымақтастық туралы бірқатар келісім-шарттар жасасты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓