Сұранысқа сай мамандар әзірленеді

Осыдан бір жыл бұрын біздің өңірдегі екі жоғарғы оқу орны біріктіріліп, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті пайда болған еді. Осы оқу орнының ректоры міндетін атқарушы Алма Дощанова оқу ордасындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында кеңінен айтып берді.
Өңірлік университеттің ауқымы айтарлықтай өскен. Мысалы, жоғары оқу орнының жыл сайынғы табысы шамамен 4 млрд теңгені, барлық активтердің құны – шамамен 10 млрд теңгені құрайды. 7 оқу ғимараты, білім алушылар контингенті шамамен 6500 адам. 160-тан астам білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі-магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары. Оның сыртында аймақтағы жалғыз әскери кафедра да осында.
– Қазақстандағы төрт жоғары оқу орны ғана Өңірлік мәртебеге ие. Бұл бізге көптеген міндеттерді жүктейді. Біздің жалғыз акционеріміз ол — мемлекет. Бұрынғысынша мемлекетке есеп береміз, мемлекеттік нормативтік құжаттар бойынша жұмыс істейміз және бұрынғысынша мемлекеттік білім беру саясатын толыққанды іске асыруға бағытталғанбыз. Еліміздің бәсекеге қабілетті 20 университеті қатысатын арнайы жобаны іске асыратын 2021-2023 жылдарға арналған жобаға қатысушымыз. Әрбір ЖОО-ның зертханалық базасын дамытуға республикалық бюджеттен 4 млрд теңгеден бөлу жоспарлануда. Осы жобадағы біздің басым бағытымыз Қазақстанның автомобиль жасау саласы үшін кадрлар даярлау бойынша "инжиниринг орталығы" машина жасаудың инновациялық ғылыми-білім беру кластерін құрудамыз. Айтпақшы, бұл жобадағы біздің серіктестеріміз – "КАМАЗ" және "Сарыарқа Автопром" ЖШС.
Өңірдің жұмыс істеп тұрған автомобиль жасау кәсіпорындарының қажеттіліктеріне сәйкес біздің инженерлік-техникалық институт "бакалавриат-магистратура-докторантура" үш деңгейлі жүйе бойынша "Машина жасау" білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ "математикалық инжиниринг және компьютерлік модельдеу", "ақпараттық технологиялар және робототехника" сияқты бағдарламалар бойынша инженерлік-техникалық кадрлар даярлауды жүргізеді. Біздің білім беру бағдарламаларымыз жаңа кәсіптер атласын және жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып жаңартылып, өңірдің жұмыс істеп тұрған, сол сияқты салынып жатқан автомобиль жасау зауыттары үшін кадрлар даярлауға бағытталған. Бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі, – деді оқу орнының ректоры міндетін атқарушы А.Дощанова.
Бүгінгі күні жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің тапсырысы бойынша әзірленген білім беру бағдарламалары еліміздің экономикасының драйверлеріне айналып отырған IT-технологиялар, көлік қызметтері және машина жасау салаларына жатады. Бұл салалар барынша қарқынды дамып келеді және бүкіл қаржы нарығына мультипликативтік әсер беріп, жаңа жұмыс орындарын ашады.
– Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұсынысымен «мәдени-тынығу қызметі: актерлік шеберлік және театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру», хореографиялық орындаушылық және бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру бойынша мамандар әзірленеді. Университетте 2020-2021 оқу жылында "жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласына" бағдарлана отырып, өңір экономикасының басым салалары: ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, туризм және IT білім беру бағдарламаларына арнайы пәндер енгізілді. Маман әзірлеу кезінде университетте еңбек нарығының ерекшелігі мен қажеттіліктеріне және жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің үлесі жоғары өңірде осы бейіндегі кадрларды даярлауға оның қажеттілігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, – дейді оқу орнының академиялық жұмыс бойынша басқарма басшысы Эльмира Наурызбаева.
Жалпы биыл оқу орнын екі мыңға жуық студент аяқтап шыққалы отыр. Студенттерге бар жағдай жасалып, қосымша жатақхана да қарастырылуда.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓