Корольдікке жолдама

Бүгін ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы базасында Нидерланды Корольдігіне оқуға баратын үздік курсанттар командасы таңдалды.
Адам құқықтарын сақтау бүгінгі іс-шараның негізі болды. Үздік атақ үшін жеті команда, 21 курсант бақ сынасты. Күні бойы олар «Алғаш рет сотталған әйелдерді психологиялық бейімдеу», «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту», «Қазақстандағы шетелдік сотталғандардың құқықтары» тақырыптарындағы өздерінің зерттеу жұмыстары мен жобаларын таныстырды.Қазылар алқасының төрағасы, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Арнаут ван Ваунденберг жобаға қолдауын білдірді.
«Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі ынтымақтастықтың кең спектріне ие. Сонымен қатар, біз адам құқықтары саласында да ынтымақтасуға қуаныштымыз. Бұл жоба курсанттарға зерттеудің жаңа әдістемесін байқап көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды халықаралық және жергілікті университеттердің профессорларының әдіснамалық басшылығымен командада жұмыс істеуге үйретеді. Бұл модель әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында табысты қолданылады», — деп атап өтті ол.ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Н.Биекенов: «Академияның бірегейлігі – Орталық Азиядағы пенитенциарлық жүйе үшін кадрлар даярлайтын жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны және оқу орнымыздың миссияларының бірі –  ғылыми зерттеулер жүргізу. Біз көбінесе қылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын жетілдіреміз», — деді.
Курсанттар – Анастасия Кириченко, Дамиля Байжанова, Юлия Кривич «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту» зерттеу тақырыбымен жеңімпаз атанды.Сапар аясында болашақ полиция қызметкерлері сот-құқық және түрме жүйесін дамыту, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау тәжірибесін зерттейді. Олар голландиялық әріптестерімен тәжірибе алмасуға және голландиялық жоғары білім беру жүйесін зерттеуге мүмкіндік алады. ІІМ Академиясы – Penal Reform International- мен (PRI) бірлесіп Capstone Project жобасын іске асыратын алғашқы ведомстволық жоғары оқу орны, оның шеңберінде Адам құқықтары бойынша зерттеулер жүргізеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓