Құрылыс жұмыстарымен танысты

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласында Пушкин көшесіндегі орналасқан бос ғимаратты қарап шықты. Алдағы уақытта оны әлеуметтік нысанға икемдеу жоспарда бар. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Екі қабатты ғимарат 1978 жылы салынған. Жалпы ауданы – 2177,3 шаршы метр.
"Қамқорлық" бастамасы аясында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда аутизм және басқа да менталды ауытқушылықтары бар балаларға арналған орталық, сондай-ақ "Белсенді ұзақ өмір" бастамасы аясында инклюзивті қоғамды дамытуға және зейнет жасындағы адамдарды қолдаудың жүйелі шаралары мен оларды қоғам ортасына тартуға бағытталған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Бұл бастамалар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүзеге аспақ. Мұндай мекеменің қажеттілігін ескере отырып, өңір басшысы жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Әуежай шағын ауданындағы №19, 20 және 21 жалға берілетін үйлердің құрылыс барысын тексерді. 108 пәтерлі үй кезекте тұрған халықтың тұрмысы төмен топтары алады.
"Қазіргі уақытта қазаншұңқырды әзірлеу аяқталды, жылумен жабдықтау және кәріз желілері бөлшектелді. Нысандарда жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр", — делінеді хабарламада.
Жұмыс сапары соңында өңір басшысы Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және межелі мерзімде аяқтауды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓