Жаңа қойылым

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры жазушы-драматург Д. Исабековтің "Алладиннің сиқырлы шамы" ертегісін сахналады.
Қойылымда сиқырлы шамды тауып, құдіретті жынның көмегімен ханзадаға айналған және әдемі ханшайымның жүрегін жаулап алған кедей тігіншінің баласы Алладиннің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Шынайы декорация, түрлі-түсті костюмдер қойылым жүйесімен үндескен.
– Ертегіде жамандық пен жақсылықтың арасындағы тірес, кездесу, қарым-қатынас соның ішінде шынайы махаббат, шынайылық, өмірге деген құштарлық жеңіп шығатынын көрсетеді. Ой – қиял, тылсым дүниелерге сеніп отырмай адам өз бақытын, өз жолын тек қана өзінің қолымен жасайтыны туралы айтылады. Негізгі ой сол. Мақсат – қоя білу, сол мақсатқа жете білу.
Балаларға жазғы демалыс уақытында керемет қуаныш сыйлайды. Себебі, бұл туындыда суретшінің маска-декорациялық шешімі, музыкалық эффектілер жақсы үйлескен, – дейді ертегінің режиссеры Әлия Елубайқызы.
Мұрат
 ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓