Ем амалы – екпе алу

Қостанай облысында COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасы белсенді жүріп жатыр. Қазіргі уақытта облыс орталығының өзінде, медициналық мекемелерден бөлек, халық көп баратын орындарда екпе жасату кабинеттері ашылуда.
Облыс көлемінде вакцинация жүргізуге 31 медициналық ұйым жұмылдырылған, оның бесеуі – жекеменшік. 93 стационарлық және жылжымалы нысан белсенді жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда олардың қатарын 150-ге дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы, өңірде екпе шарасы жоспардағыша жүргізіліп жатыр, вакцинация жүргізуге барлық жағдай жасалған.
 «Бүгінде облысқа бірінші компоненттің 120 мың және екінші компоненттің 71 мың дозасы жеткізілген. Вакцинаны сақтауды қамтамасыз ету үшін 104 мұздатқыш құрылғысы бар, онда бір уақытта 173 мың дозаны сақтауға болады, — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әнуар Едіресов. — Бүгінгі таңға дейін жалпы саны 92 687 адам вакцина қабылдаған. Олардың ішінде екпенің екінші бөлігін алғандар саны – 44 758».
Емханаларды есепке алмағанда, Қостанайда тұрғындар көп жиналатын орындардағы жеке екпе жасату кабинеттерінің саны арта түсуде. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін «Kostanay Рlaza» сауда-ойын-сауық орталығында, «Емшан», «Отау сауда» сауда орталықтарында, «Астықжан» супермаркетінде иммундау нүктелері ашылған. Олардың қатарына «CityKostanai» бизнес-орталығы қосылды.
«Екпе жасатуға арналған бұл жаңа кабинет те күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды. Бұл жерде де COVID-19-ға қарсы вакцина салдырып қана қоймай, иммундауға қатысты барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Қазірдің өзінде қала тұрғындары екпе алуға өз еріктерімен келіп жатыр», — дейді Әнуар Сейтенұлы.
Вакциналаумен ұзын саны 426 медицина қызметкері айналысуда. Олардың барлығы арнайы оқытудан өткен.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓