Жаңа жобалармен таныстырды

Арқалыққа ҚР «Білім және ғылым» министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ–ның өкілдері келіп,білім жүйесіндегі бес әлеуметтік жобаны таныстырды. Олар: «Студенттік жатақханаларды салу және қайта құру», «Жан басына нормативтік қаржыландыру шеңберінде жеке мектептердің құрылысы мен қайта жаңартылуы»,«AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі», «Білім беру несиелеріне кепілдік беру»,«Студенттерге арналған әлеуметтік несиелер».
Сапар барысында қонақтар қала әкімдігінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Арқалық қалалық филиалымен бірге білім мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізіп, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығында студенттермен жүздесті.
– Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бір саласы – студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін жеке сектордың кең қатысуын болжайтын мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді.
Біз мемлекет пен жеке сектордың әлеуметтік инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылының жаңа форматын ұсынып, инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен осындай жаңа жобаларға қаражат салуға шақырамыз.
Бүгінгі күні елімізде студенттерге арналған 63 мыңнан астам орын құру қажет. Бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері: құрылыс кезінде 122 АЕК, қайта құру кезінде 47 АЕК құрайды. Жалпы, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 152 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін 29 350 орынға 79 келісім-шарт жасалды.
Ағымдағы жылы жаңадан пайдалануға берілген жеке мектептер үшін орта есеппен 470 мың теңгені құрайды. Құрылыс кезінде – 96 АЕК, қайта құру кезінде – 47 АЕК.
Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін нысан құрылыс салушының меншігінде қалатын болады, – дейді «Сыртқы коммуникациялар және ілгерілету департаментінің» директоры Алпамыс Сатыбалдин.
Сондай-ақ, ол студенттердің білім алуын қаржыландыру мәселелелеріне де кеңінен тоқталып өтті.
М.БЕКЕТҰЛЫ.
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓