Нағыз науқан

"Бірге – таза Қазақстан" жалпыреспубликалық экологиялық тазалық акциясына арқалықтықтар да біркісідей атсалысуда.
Акцияның мақсаты – көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту. Кезекті шараға өткен сенбі күні қаладағы мемлекеттік, коммуналдық мекемелер, кәсіпорындар бар, барлығы жүзге тарта ұжымнан 1300-ден астам адам қатысты.
Ортақ үйдің тазалығы үшін ертелетіп сенбілік шарасына жиылғандарға қала әкімі Әмірхан Асанов ризашылығын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
Қолдарына тазалық жүргізуге қажетті құрал -саймандар: күрек, сыпырғыш, тырма басқа да қерек-жарақтарын ұстаған ұжым өкілдері қаланың кіріс-шығыс жолдарының бойын, теміржол жиектерін тазалап, орталық «Демалыс саябағының» ішін де қалыпқа келтірді. Қоқыстарды жинап, шөптерді шауып, ағаштардың ретсіз өскен бұтақтарын кесіп,техникаларға тиеп әкетті.
Жұмыс барысын қала басшысы Әмірхан Біркенұлы бақылап қана қоймай, тазалық шараларына өзі де қатысып, баршаны елдің жасыл белдеуін жақсартатын осындай экологиялық акцияларға тұрақты үн қосуға шақырды.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓