Басқармада жаңа басшы

Қостанай облысының әкімі Архимед  Мұхамбетовтің өкімімен Марат Кенжебекұлы Жұрқабаев «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.
Марат Жұрқабаев 1998 жылы Арқалық педагогикалық институтын, 2007 жылы Қостанай әлеуметтік техникалық университетін тәмамдаған.
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, Лисаков қаласы әкімінің орынбасары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің директоры, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымдарында жұмыс істеген. Бүгінгі күнге дейін Қостанай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓