Қоғамдық көлік полиция назарында

Елімізде «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Басты мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін жөнге келтіру. Шара 17 мамырда басталып, бір айға созылатын «Қауіпсіз жол» операциясы аясында өткізіліп жатыр.
«Рейдтік іс-шаралардың алғашқы күні полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 60-тан астам фактісін, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісін анықтады. Іс-шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары 6 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап, мас күйінде көлік жүргізген 127 жүргізушіні ұстады. 13 жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Полиция жүргізушілерді көлікті басқару тәртібін сақтауға шақырады. Жыл басынан бері облыс жолдарында 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 26 адам қаза тауып, 117 адам түрлі жарақат алды», — делінген хабарламада.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓