Ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Облыста «Қарасора – 2021» операциясы барысында 80 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
«Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Б.Майлин ауданының 61 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі. Жедел тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласында күдіктінің тізгініндегі "Ваз-21099" автокөлігі тоқтатылды. Салонда, автомобильдің артқы орындығында өсімдік тектес зат салынған екі полиэтилен қап табылды. Сот-химия сараптамасының қорытындысына сәйкес, қаптардың ішіндегі күдікті зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы – 80 келі 160 гр», — делінген хабарламада.
Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылбек Әлмағамбетовтің айтуынша, полицейлер өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Қазіргі уақытта 296-баптың 4-бөлігі – «есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, сақтау және өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, істі одан әрі зерттеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.
Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 95 келіден астам марихуана және 449 гр синтетикалық есірткі тәркіленіпті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓