36 адам жұқтырды

7 маусымда Қостанай облысында 36 адамнан коронавирус табылды.
​Атап айтқанда, Қостанай қ. — 18, Рудный қ. — 5, Әулиекөл ауданы – 4, Қарабалық ауданы – 3, Мендықара және Сарыкөл аудандарында 2 адамнан, Жітіқара және Федоров ауданында 1 адам індет жұқтырды.
22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған сезіктілер ретінде, 5 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 7 маусым аралығында COVID-19-ды 16015 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 15238.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓