Балдырғандарға тәтті сәлемдеме

Қостанай қаласының УК-161/2 мекемесіндегі жазасын өтеушілер балалар үйіне бірнеше жәшік құлпынай жолдады. Бұл туралы облыстық Қылмыстық-ақтару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәлім еткенін жазад ҚазАқпарат.
«Аталған мекеме аумағында сотталған азаматтар бірнеше жылдан бері құлпынай өсіріп, баптап жүр. Өздері бұл жұмыстың соншалық ауыр емес екенін, қара күштен гөрі төзім мен ыждаһаттылық керек екенін айтады. Қажырлы еңбектің арқасында бақшадан жылына бірнеше рет өнім алынады. Әр түп жидек тікелей балалар үйіне жіберіледі», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еркебұлан Әлім

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓