Квест-тур: тарихқа сапар

5-6 маусымда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай Қостанай облысының киелі орындарына зияткерлік квест-тур өтті. Жобаны облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма және "Қазақстан жастары фракциясы" қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы аталған басқарманың "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.
Квесттің мақсаты – өскелең ұрпақты Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармашылығымен және бай мұрасымен таныстыру, жастар арасында насихаттау.
Іс-шараға Сарыкөл, Бейімбет Майлин аудандарынан және Қостанай қаласынан 14 топ қатысты. Олар ұлы ағартушының сәулетті кесенесіне, Сарыкөл ауданының Күнтимес ауылы маңындағы Барақ батыр кесенесіне, Ұзынкөл ауданындағы Аспантай абыз әулие басына, Алтынсарин ауданындағы Шоқай би кесенесіне және Омар құдығына, Меңдіқара ауданы аумағында жатқан Нұржан Наушабаев ескерткішіне және Спандияр Көбеев зиратына барды. Белсенділер әр нысан басында логикалық тапсырмалар орындап, өлкенің тарихы, мәдениеті мен тұрмысы, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында таныстыру, үй тапсырмасы секілді байқаулар өткізілді. Мәселен, мұнда топтар қазақтың әдет-ғұрыптарының бірін суреттеуі керек болды. "Үй тапсырмасы" байқауы Сарыкөл ауданының Күнтимес ауылында өтті. Бұл сынаққа қомақты ақшалай сыйлық тігілгенін айта кету керек. Жалпы жүлде қоры 300 000 теңге болды. Квест-тур қорытындысында зияткерлік жарысқа түскен топтардың үздіктері анықталды. Ерекше белсенділігімен көзге түскен "Сарыарқа Автопром" тобы 1-орынды жеңіп алды. 2-орын "Қостанай жоғары политехникалық колледжі" тобына бұйырды. 3-орын – Қостанай қаласы Жастар мәслихатының "MoMa Team" тобының еншісінде. 
Зияткерлік квес-ойынмен қатарлас басқа шығармашылық байқаудың нәтижесі жария етілді. Атап айтқанда, "Үздік жарияланым" аталымын Бейімбет Майлин ауданының жастар ресурстық орталығы тобы марапат алды. Бұл команда квест-тур басталғалы әлеуметтік желілерде #quest_altynsarin180 хештегімен ерекше шығармашылық посттар жариялаған.
Еркебұлан Әлім

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓