Рәміздер – Тәуелсіздік тұмары

Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің айнасы, елдігіміздің айғағы. Бейбітшілік пен еркіндіктің символы болған желбіреген көк Туымызды, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтайтын Елтаңбамызды, ұлттық рухымызды асқақтататын Әнұранымызды қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары қалыптасады. Ұлттық құндылықтарымызды ардақтайтын, отансүйгіштік сезімді өн-бойына дарытқан ұрпақтың өсіп-өркендей беруіне әркез тілектеспіз.
Халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге жетейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Құрметті тілегі бір, мүддесі ортақ отандастар, қадірлі қостанайлықтар, сіздерді Қазақстан Республикасының Рәміздер күні құтты болсын!
 
Алма ДОЩАНОВА,
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ректоры

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓