Құланның алғашқы құлыны

2 маусым күні Қостанай облысындағы тұяқты жануарларды қайтара жерсіндіру орталығында алғаш рет құлан құлындады. Бұл туралы «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» мемлекеттік қоғамдық бірлестігі Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұл байтал айғырмен бірге 2019 жылдың қазанында Орталық Қазақстандағы түрлердің популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында Барсакелмес қорығынан әкелінген екен.
— Қазір енесі де, құлыны да аман-сау, үнемі бақылауда. Құландар төлдеген сәтінен-ақ құлындары жүре бастайды, ал алғашқы күндері ол өте жылдам жүгіре алады. Қазір қоршалған аумақта құланның айғыры, енесі мен құлыны бағылып жатыр. Бұл біздің орталықтағы төрт жылдан бергі алғашқы төл. Биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мамандары құланның буаз екенін көктемде сыртқы белгілерінен білді, содан кейін жануардың мінез-құлқын мұқият зерттеу басталды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» МҚБ ұлттық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, Жанкелдин ауданындағы айрықша қорғауға алынған «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына 9 құланды жеткізген еді. Осы жолғы
Құландар Пржеваль жылқысы сияқты өте баяу көбейетін жануар. Биелері бесті шыққанда ғана қаша бастайды да, 11 айдан кейін құлындайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓