Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз – азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тізілімге төрт санат бойынша кәсіпкерлер енгізілуі мүмкін:
1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын (ХӘОТ)жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС;
2 санат – өндірілетін тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерін бірінші санаттағы ХӘОТұсынуға ықпал ететін ӘКС;
3 санат – бірінші санаттағы ХӘОТ тауарларын өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС;
4 санат-белгілі бір қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын ӘКС.
Анықтама ретінде:
1) отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқу, даму және әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;
4) біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік коммерциялық емес ұйымдардың еріктілерін оқыту;
5) мәдени-ағарту қызметі (жеке мұражай, театр, кітапхана, мұрағат, мектеп-студия, шығармашылық шеберхана, ботаникалық-зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
6) қоршаған ортаны қорғау;
7) ХӘОТ гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
Жалпы ӘКС тізіліміне Қостанай облысынан37 адам енгізілген.