Әл-фараби даңғылында тротуар сүрілуде

Әл-фараби даңғылында тротуар сүрілуде

Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірі – Әл-Фараби даңғылының бойында жаяу жүргіншілерге арналған жолдың тас төсемдерін сүріп жатыр.

Оның орнына жаңасы төселмек. Тас төсемдерді не үшін сүріп жатқаны туралы аппарат кеңесінде сөз болды. Қала басшысы Марат Жүндібаевтың айтуынша, жол бойындағы тас төсемдер тегіс емес, шұңқырлар бар.

Тұжырымдамаға сәйкес қаланың келбеті көрікті, жолдар талапқа сай болуы тиіс. Сол себепті жаңартуға шешім қабылданған. Ал сүріліп жатқан ескі брусчаткаларды Қостанай жылу энергетикалық компаниясының аумағына апарып тастайды.

– Коммуналдық мекеме ескі брусчаткаларды көктемге қарай мердігер ұйымдарға таратып береді. Оны әрі қарай ой-шұңқырларды бітеуге пайдаланады. Бұл жұмысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бақылауда ұстайды, – деді қала әкімі Марат Қонысбайұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА