Бүгін таңертең интернетсіз қалған Kcell/Activ абоненттеріне бонус берілді

Бүгін таңертең интернетсіз қалған Kcell/Activ абоненттеріне бонус берілді

Kcell/Activ байланыс операторының сервистері толықтай қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 10:00 кезінде Kcell/Аctiv абоненттерінің ұялы байланыс қызметі толықтай қалпына келтірілді. Бүгін таңертең байланыс бойынша проблема Астана мен басқа да бірқатар қаладағы абоненттерде байқалды», – делінген аталған компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұл тұрғыда Kcell/Аctiv операторы техникалық проблемаға қатысты интернетсіз қалған абонеттерге 10 ГБ бонус берілетінін хабарлаған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, таңертең Kcell компаниясы еліміздің кейбір өңірлерінде ұялы байланыс интернеті бойынша проблема бар екенін растады.

Жаңалықтармен бөлісу