Қостанай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерде ертеңнен бастап жылу беру тоқтайды.
Балабақша, мектеп, аурухана сияқты маңызды әлеуметтік нысандарда әзірше сөндірілмейді. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде белгілі болды.
Әлеуметтік нысандардағы жылу нақты қай күні сөндірілетіні белгісіз. Мекемелер қажет болған жағдайда өздері жылу-энергетикалық компаниясына өтініш береді. Әзірге, бұл нысандарда жылу 4-мамырға берілетіні анық.
Қымбат ДОСЖАНОВА.