Есірткі құралдарының аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында іздестіру итін тарта отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан.
“Сараптама көрсеткендей, тәркіленген 600 грамм гашиш және салмағы 500 грамм марихуана. Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады, сәйкесінше қылмыстық жауапкершілікті әлдеқайда ауырлатады”, – дейді ПД өкілдері.
Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.