Бүгін Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудандардың бас имамдары бас қосқан жиын болып өтті деп хабарлайды Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.
Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасы бойынша іс сапармен келген ҚМДБ-ның «Уағыз насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы Мансұров қатысты.
Ол мүфти хазреттің бұйрығы бойынша жаңадан тағайындалған Қостанай облысының Бас имамы лауазымына Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлын таныстырды.
Осы іс-шараға қатысқан Қостанай облыстық Дін істер басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған Бас имамға ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметінде абырой тіледі.