Толассыз жауған жаңбыр елді мекендердің жолын бөгеді

Толассыз жауған жаңбыр елді мекендердің жолын бөгеді

Таң сібірлегеннен бері Меңдіқара ауданының елді мекендерінің арасын жалғайтын жолдарды су жырып кеткенін көрген жұрт әлеуметтік желілерде жарыса жар салып жатты.

Алешиннен Қызылту елді мекеніне апарар бөгеттен жүк көліктері қатынай алмай әлек.

Аққан су Басағаш, Жангелді ауылдары арқылы Тобылға жылжиды.

Мамандар жағдайды анықтап, түс қайта аудан әкімдігі табиғат апатының себебін жариялады.

“Ломоносов ауылдық округіне қарасты Каскад ауылына 9 маусым күні жауын-шашын мол түсті. Салдарынан егістіктік алқаптары арқылы жиналып, № 6 су қоймасы толды. Бұл жағдай суды ұстап қалатын бөгеттің бұзылуына әкеліп отыр”, – делінген әкімдіктің берген жауабында.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған “Беседин” ШҚ, “Заря” ШҚ, “ХимАгро” ЖШС, “Бисекенов С. Д. Ш/Қ, “Бришев С. С. Ш/Қ, “Бакин С. С.”Ш/Қ, “Ғалиев С. Ж. Ш/Қ, “Еслямгалиев. К” ш/қ тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Халық өз бақтарын суаруға пайдаланатын қажетті суды ұстап тұру үшін әрекеттенуде.

Меңдіқара ауданы

Жаңалықтармен бөлісу