Елордалық білікті дәрігерлер Рудныйда қабылдау өткізеді

Елордалық білікті дәрігерлер Рудныйда қабылдау өткізеді

Астана қаласындағы “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ мамандары Рудный қаласына келмек. Көшпелі іс-сапар аясында дәрігерлер қала тұрғындарына тегін кеңес береді.

Делегация құрамында, дәрігер-кардиохирург, аритмолог, кардиолог, функционалдық диагностика дәрігері (ЭХОКГ) бар.

Мекенжайы: Комсомольский даңғылы, 49. Қалалық аурухана, кардиология бөлімі. 5 қабат.

Қабылдау күндері мен уақыты:

14.02.2024 ж. 09.00-18.00

Түскі үзіліс 13.00-14.00

Қабылдауға келген адамда өзімен бірге бірнеше құжат болуы керек. Кардиохирургке қабылдау үшін: ЭКГ, ЭХОКГ ХАТТАМАСЫ, коронарография дискісі / КТ; аритмологқа қабылдау үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ ХАТТАМАСЫ;

Қабылдау және жазу туралы толық ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласасыз:

92-4-06

Айта кетейік, “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ Қазақстандағы жоғары технологияларды қолдана отырып, көпсалалы медициналық қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 20 жылдан астам тәжірибесі бар орталық халықаралық деңгейге шықты.

Жаңалықтармен бөлісу