Облыста қырық мыңға жуық адам вакциналанды

Облыста қырық мыңға жуық адам вакциналанды

Жаңа жылдан бері қызылша дертімен ауырғандардың ұзын саны 116 адамда жетіп отыр. Науқастардың басым бөлігі Қостанай қаласында тіркелді (200 жағдай).

Ауруға шалдыққандардың негізгі контингенті 14 жасқа дейінгі балалар екенін айта кету керек. Олардың көбісі 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.

Сырқат, әсіресе, вакцинацияланбаған адамдар арасында таралып жатыр. Бұл көрсеткіш  дәл қазір 74,0% (248 жағдай) құрайды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 35 бала қызылша жұқтырды, оқушылар арасында 39 жағдай, студенттер арасында 58 жағдай тіркелді.

Облыста барлығы 44 500 адам вакцина алу керек. Екпе алғандардың қатары 40 мыңға жақындады.

Жаңалықтармен бөлісу