Республикалық жиын 2023 жылдың 24 қарашасына жоспарланып отыр. Қазақстандық медиа нарығын дамытуға бағытталған жыл сайынғы «Медиа Құрылтай 2023» медиа саласының жүйелі мәселелеріне, «БАҚ туралы» заңға енгізілген өзгерістерге, ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне, фейк жаңалықтармен күресуге, БАҚ-тағы жаңа құралдарды әзірлеуге арналмақ.