ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің кешенді жоспарын әзірледі деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен. Бұл қадам балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алудан қорғайтын болады. Соған байланысты Ұлттық мониторингке оқушылардың әл-ауқатының индексі енгізілді. Алдағы уақытта мектептердің психологиялық қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарлануда.
“Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90% – ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген, дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл жұмыс 100% – ға дейін жеткізілуі тиіс”, – деді министр Ғани Бейсембаев.
Бұдан бөлек, арнайы мектеп автобустарының парктері жаңартылып жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 515 көлік сатып алынды. Бұл оқу орындарына 27 мың баланы тасымалдауды қамтамасыз етуге жеткілікті.