Олжас Хасенұлы Дүйсеков Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Олжас Хасенұлы өз еңбек жолын 2013 жылдан Балалар мен жастар қауымдастығы ұжымында бастаған. Кейін Қостанай педагогикалық институты жастар ісі комитетінің төрағасы лауамазына ауысты. Нұр Отан партиясының бөлім меңгерушісі, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды. Осы уақытқа дейін Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі болды.