Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасындағы Ақжан есімді келісті байталды Астананың символына балап жүргендер бар. Қылаңбоз Ақжандай аяулы қылқұйрық жоқ болып тұр қазір елорда төңірегінде. Солай болмай қайтсін, Президенттің сүйікті жануары жер бетінде сирек кездесетін түгінің түсімен-ақ, әлеуметтік желінің көзайымына айналып отыр. Бұл туралы KAZINFORM жазды.
Кәсіпкерлер палатасы төрағасының алғыс хаты табысталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай құттықтаулар толастар емес. Бұл жолы билік пен халық арасындағы алтын көпірді жалғап жүрген маман иелерін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер кеңесі Қостанай облыстық филиалының ұжымы құттықтады.
«Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның жаңашылдықтары»
Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның жаңашылдықтары» тақырыбында дәріс-сұхбат өткізілді.
Су қоймалары өңірдің тіршілігін қалай қамтамасыз етеді?
Климаттың өзгеруі және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы жағдайында су шаруашылығы жүйелерін тиімді басқарудың маңызы ерекше артып отыр. Су ресурстары шектеулі өңірлердің қатарына жататын Қостанай облысы халықтың, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін су инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеу моделін көрсетіп отыр.
Облыстың 90 жылдығы кең көлемде аталып өтеді
Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай өңірде ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар тізбегі басталды. 1 тамызда облыс орталығында еліміздің танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Мерейлі мекенім – Қостанайым» атты үлкен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында мәлім болды.
Діни бірлестіктер өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті
Облыстық дін істері жөніндегі басқармасы және «Ел ертеңі» ЖҚБ қолдауымен діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында «Астана күні» мемлекеттік мерекесіне арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.
Сақтық – судағы қауіптің басты қалқаны
Жаз шыға жағажайлар мен өзен-көлдердің жағасы демалушыларға толады. Алайда дәл осы кезеңде судағы қауіп те еселене түседі. Биыл Қостанай облысында суға кетудің бірнеше қайғылы дерегі тіркеліп, оның ішінде балалардың қаза болуы жағдайы да бар.
Еңбекке құрмет – журналистке құрмет
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қостанайдағы «ALPAMYS GROUP» компаниясы бірқатар журналистерге құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалады.
1 шілдеден бастап елімізде қандай маңызды өзгерістер болады
1 шілдеден бастап елімізде бірқатар маңызды өзгеріс орын алмақ. Нақтырақ айтсақ, Республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция күшіне еніп, тұрғындардың өміріне тікелей қатысы бар цифрлық қызмет түрлері іске қосылмақ.
Нәзипа шәкірттері дипломдарын алды
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде диплом табыстау рәсімінің салтанатты іс-шарасы қалың қауымға жылулық сыйлады.
