Домбыра — қазақтың жүрек соғысы, ұлттың үні ғана емес, бүгінде адамдарды жақындастыратын рухани көпірге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арнаған құттықтауында осы құндылыққа терең мән беріп, бұл аспаптың қоғамдағы орны мен миссиясын нақты атап өтті. Президенттің сөзі – тек мәдениетке емес, ұлттың келешегіне деген қамқорлықтың көрінісі.
Татулықтың үнін тербетіп, бейбітшілікке шақырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық домбыра күніне арналған құттықтауы – ұлттық мәдениетімізге берілген үлкен бағамен қатар, бүгінде барша жұртты біріктіретін ортақ рухани кеңістікті айқындайтын терең мазмұнды үндеу болды. Президент өз сөзінде домбыраны халқымыздың болмысымен, тарихымен, жүрек лүпілімен байланыстыра отырып, оны ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі ретінде көрсетті.
Домбыра – қазақтың қастерлі үні, тұтас бір өркениеттің сарыны
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық домбыра күніне арналған құттықтауы – ел руханиятына, ұлттық болмысымызға ерекше мән беріп отырғанын тағы бір мәрте айқын көрсетті. Президент домбыраны «күй қонған киелі мұра, халқымыздың жан серігі» деп сипаттап, бұл аспаптың ұлт жадындағы орнына айрықша тоқталды. Расында да, домбыра – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қазақтың қастерлі үні, тұтас бір өркениеттің сарыны.
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
– Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».
Рудный қаласының әкімі жеңімпаз отбасыларды марапаттады
Рудныйда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысушылар арасында жеңімпаз анықталды. Үздік шыққан отбасыларды қала әкімі Виктор Ионенко құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Көлік құралдарын шекарадан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізіледі
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары, жүк пен тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған №707 бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі жоба әзірледі. Бұл өзгерістер құқық қолдану тәжірибесі мен тасымалдаушылардың өтініштерін ескере отырып дайындалды. Ол туралы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
Жазғы мерекелер балалар көзімен…
Жаз – балалар үшін шаттық пен қуанышқа толы, күн мен жарыққа малынған кезең. Қазақстанда шілде айы ерекше әсерлі өтеді: Домбыра күні мен сүйікті Астанамыздың туған күні тойланады.
Top IQ – заманауи білім беру платформасы: ауыл оқушыларына мүмкіндер әлемі
Бүгінгі таңда білім беру үдерісі жаңа технологиялармен тығыз байланысты. Соның ішінде оқушылардың функционалдық және математикалық сауаттылығын дамытуда ерекше көзге түсіп жүрген – Top IQ білім беру платформасы.
«KIA» зауытына жұмысшылар қажет
Қостанайдағы «KIA» зауытының құрылысы аяқталуға таяды. Алдағы күзде іске кірісіп, 1-қазанда жаппай көлік шығаруды бастайды. Бұл туралы зауыттың бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі директоры Ерлан Төлетаев қалалық әкімдіктегі аппарат кеңесінде айтқан еді.
Қазақстанда шетелдік ЖОО филиалдарына қалай түсуге болады?
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің интернационалдануы белсенді түрде дамып келеді. 2021 жылдан бастап 12 елдің (Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және т.б.) университеттерімен 33 стратегиялық әріптестік орнатылды.