Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Ауыл» партиясы» фракциясының мүшесі Николай Арсютин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.
Арқалықта өңір спортшыларын еске алуға арналған облыстық турнир басталды
«Қайрат» спорт кешенінде Торғай облысының жаттықтырушылары мен еркін күресшілерін еске алуға арналған 2008-2009;2010-2011;2012-2014;2015-2016;2017-2018 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен ашық облыстық турнир жалауын көтерді.
Әл-фараби даңғылында тротуар сүрілуде
Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірі – Әл-Фараби даңғылының бойында жаяу жүргіншілерге арналған жолдың тас төсемдерін сүріп жатыр.
Алаяқтар онлайнда аңдып жүр: қорғанудың қарапайым тәсілдері
Бүгінде цифрлық технология дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар да көбейіп барады. Әсіресе, әлеуметтік желі, мессенджер, интернет-дүкен және ойын платформалары арқылы алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, оңай жолмен ақша табуды көздейді. Бұл – қылмыстық кодекспен жазаланатын әрекет.
Журналистерге арналған қарулы экскурсия
Облыстық полиция департаменті журналистер қауымын кәсіби мерекесіне орай ерекше форматта құттықтады. Облыстағы баспа және телеарна ұжымдарының тілші, редакторларынан құралған топ арнайы экскурсияға қатысып, өздерін бір күнге арнайы жасақ сарбазы ретінде сезінді.
Қостанайда бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді
Қала әкімдігі бүгіннен бастап қалаішілік қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс бағыттарына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. Бұл өзгерістер №8, №10 және №11 бағыттағы автобустарға қатысты.
Ұзынкөлде екі жаңа нысан ашылып, 10 жұмыс орны құрылды
Ұзынкөл ауданында кәсіпкерлік саласы белсенді дамып келеді. Аудан әкімі Марат Жұрқабаевтың айтуынша, жыл басынан бері екі жаңа кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, 10 тұрақты жұмыс орны құрылған.
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 259,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданған. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 202,1 мың адам пайдаланған.
Ұзынкөлдің білім мен спорт саласында оң өзгерістер бар
Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Жұрқабаевтың мәліметінше, білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 94%-ға жеткен.
Елімізде отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілуде
1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі. Бұл – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған уақытша, бірақ маңызды қадам.