Қостанай қаласындағы Қобыланды батыр даңғылы мен Киевская көшесінің қиылысында орналасқан құрылыс материалдары сақталған қойма аумағында өрт шықты. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қостанайда «WorldSkills Kostanay-2025» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті
Қостанайда жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, кәсіби шеберлік пен дағдылардың маңыздылығын көрсету мақсатында «WorldSkills Kostanay-2025» өңірлік чемпионаты табысты өтті.
Облыстағы кәсіподақ ұйымдары съезге дайындықты бастап кетті
Жуырда облыстық Кәсіподақтар орталығында үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері бас қосты.
Жазғы лагерьлер жұмысы басталды
Жыл бойы сабақтан бас көтермеген балалар үшін жазғы демалыстың алар орны ерекше. Алайда жазғы демалыс – тек демалу ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму, шығармашылыққа жол ашу және жаңа достар табудың кезеңі.
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамалар іске асырылатын болады
Үкімет отырысында Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры Жандос Нұрмағанбетов отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру туралы хабарлады.
Рәміздер – рух пен елдіктің белгісі: сарбаздармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы «Miras» өңірлік кеңесінің мүшелері №6697 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
Өңірдегі базарлар жаңа стандарттарға сәйкес келе ме?
Қазақстанда сауда базарларын жаңғырту бойынша Жол картасы іске асырылып жатыр. Оған елімізден 100 сауда нүктесі енгізілген.
Лисаковта батпырауықтар бәйгесі өтті
Жаздың алғашқы күні Лисаков аспанын түрлі-түсті батпырауықтармен көмкерген «Аспан асты жиһанкездері» фестивалімен басталды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара биыл үшінші мәрте ұйымдастырылды.
Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді
4 маусым күні сағат 11:00-де Қостанай облысы әкімдігі алдындағы алаңда халқымыздың Тәуелсіздігін, елдігі мен бірлігін айшықтайтын — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Қостанайда адамдарды кене шағу күрт өсті
Облыста көктемгі эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 321 адамды кене шағып медициналық көмекке жүгінген. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,2 есе жоғары.