31 мамыр – ашаршылық және құғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Аманкелді ауданындағы А.Иманов атындағы мемориалдық музейде «Зұлмат жылдар зардабы» атты көрме қойылып, жазықсыз жапа шеккен жандардың ұрпақтарымен кездесу өткізілді.
Арқалықта қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Зұлмат жылдар құрбандарына тұрғызылған ескерткіш басында сырлы саз ырғағы ойнап, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының әртістері елім, жұртым деп жан қиған «Алаш» арыстарының бейнесін сомдады. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Репрессия құрбандарын еске алды
Қостанайлықтар саяси аштық, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескрткіш басына жиналды. Зұлмат заманның теперішін көрген ата-бабаларын естеріне түсірді, ескерткіш басына гүл шоғын қойды. Бұлардың арасында Тобыл өңірінің алғашқы қажыларының бірі болып, елдің мұсылманша сауатын ашқан Бижанқажының немересі Шәміл Төлебайұлы да бар.
Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі
Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз.
Тобыл қаласында жеңіл атлетикадан медиа майталмандары жарысқа түсті
Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен жеңіл атлетикадан ауқымды спартакиада өтті. Ұйымдастырушысы — ARNA news өңірлік қоғамдық-саяси газеті. Айтулы дода Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
«Үрей» – өзекті өртер шындық
Авторы – Қолан Аманов. Өткен ғасырда Қостанай облысының мемлекеттік банкінің аудандық бөлімінің басқарушысы, облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған, кейін ел қаржы министрінің орынбасары деңгейіне дейін көтерілген тұлға. Оның бір артықшылығы — бірнеше көркем прозалық туындыларының авторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Кезекті үш ұпай қоржында
«Тобыл» футбол командасы ел біріншілігі аясында «Атырауды» қабылдап, мұнайшылар қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Төрт доп қазақстандық ойыншылардың еншісіне жазылды, оның үшеуі «Тобылдың» төл тума түлектері.
Арқалықта мал шаруашылығы кешені салынады
Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Қасіретті кезеңнің куәгері
Меңдіқаралық Күләш Медеуқызының жасы биыл тоқсанға қарайды. Бүгінгі бейбіт заманда сол бір қиын кезең, болмаған балалық шағын жиін есіне алатынын айтады кейуана.
Аманкелдіде патриоттық акция жалауын көтерді
Акцияның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тұтас Торғай өңірін дамытуға бағытталған жаңа жол құрылысын қолдау. Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде Президентіміз Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын «Астана – Арқалық», «Торғай – Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын салу жөнінде айтқан болатын.