V-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш күннен бері Сарыарқаның төсін той мен думанға бөлеп жатыр. Бұдан бұрын жазғанымыздай, тоқсан елден келген екі жарым мыңдай спортшы ат бәйгесі, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату тәрізді халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарынан сынға түсуде.
Американдық диплом – Қостанайда
Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен University of Minnesota Morris (АҚШ) арасында меморандумға ресми қол қойылды. Бұл келісімшарт қос дипломды білім беру бағдарламасына жол ашпақ.
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КӨКПАРДАН ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты. Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды.
Жүз жасқа қараған ардагерді құттықтады (ВИДЕО)
Бүгін майдангер, Қостанай облысының құрметті азаматы, қазына кеуде қария Қасымхан Алдабергенұлы 99 жасқа толып отыр. Ақсақалға “Қостанай таңы” газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы ұжымның құттықтауын жеткізді.
Полиция корей көпіріндегі жол көлік апатына қатысты тексерісті бастады
Қостанайдағы корей көпірінде үш көлік соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, 54 жастағы жүргізуші тіркемесі бар КамАЗды тізгіндей отырып, алында келе жатқан көлікпен қашықтықты сақтамаған.
ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі барша ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан мен Ресей спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті. Кездесу барысында министр екі елдің ынтымақтастығының жоғары деңгейде екенін айтып, БРИКС елдерінің спорттық ойындары және «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары сияқты негізгі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізудегі жетістіктерін атап өтті.
Диқандар мұңы тыңдалды: шаруа шаш-етектен
Облыс диқандарын бүгінде нарық бағасы адаңдатып отыр. Субсидия төңірегінде сауал әуелден бар. Тамыздың ортасынан орақ науқанына кіріскен шаруалардың бұл жайына тұрақсыз ауа райы біраз кедергі келтірді. Алтынсарин, Сарыкөл, Қарасу аудандарының шаруалары ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың алдына осы мәселелерді төтесінен қойды.