ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай ашық дәріс өтетінін хабарлаймыз.
Орталық саябақ жаңартылды
Тұрғындардың демалыс бос уақытын өткізуге арналған жайлы аумақтар Қостанай қаласының ажырамас бөлігі іспеттес. Қалада қоғамдық орындар мен саябақтар көркейтіліп жатыр. Орталық алаңда қала күніне орай оны көркейту жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
ҰБТ-да 137 балл жинады
Науырзым ауданы, Қарамеңді селосындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің биылғы түлегі Жансая Арыстанбекова Ұлттық Біріңғай Тестілеуде 137 балл иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Жансая тестілеуге дайындықты былтырғы тамыз айынан бастағанын айтып отыр.
Қару айналымы саласындағы заңнама нормалары сақталмай отыр
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 494 құқық бұзушы білімін тексеруге жіберілді. Шу шығарған 19 отбасы мүшелерінен қаруы тартып алынып, пайдалануға рұқсаттарының күші жойылды. Тиісті бақылаудың және уақытылы шаралардың жоқтығынан кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды
Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды – жұмыс қорытындысы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды.
«Әлеуметтік әмиян»: тегін және жеңілдікпен тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейді?
Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар жарияланды
Бұл туралы облыстық білім басқармасының telegram каналында хабарланды.
Саясат Нұрбек: “Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар”
Күні кеше еліміздегі грант иегерлернің есімі белгілі болды. Ата-аналар мен балалардың қуанышты көз жасын да, өкінішін де көрдік. ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында грант ала алмаған талапкерлердің әлі де мүмкіндіктері бар екенін жазды.
2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түскен. Ол туралы ҚР Үкіметі telegram каналында хабарлады. Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді.