ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етпек.
Елжас Қуандық – “Жұмыр-Қылыш”
“Қостанай таңы” газеті жариялаған байқауға Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының дарынды оқушысы қатысып отыр. Елжас Ерланұлының жасы 15-те. Аталған ауылдағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Қаршадай ғана жас осы күнге дейін өзгеше өнерімен талай белесті бағындырып үлгерген. Ол Қостанайда, Астанада өткен бірнеше халықаралық байқаудың Бас жүлдесін иеленіпті. Сондай бір өнер сындарының бірінде орындаған […]
Мал баққанға бітеді
Меңдіқара ауданындағы “Қарқын” агрофирмасы” ЖШС он төрт жылдан бері асылтұқымды қара мал өсіреді. Агрофирманың өз басында екі мыңға жуық етті бағыттағы Әулиекөл тұқымы күтімге алынған. Ал екінші шаруашылықта мың шақты абердин-ангус тұқымы бағымда. Шаруашылық 2030 жылға дейін ұрғашы қара малдың санын мың жарымға дейін жеткізуді көздейді.
Айназ Қарағұл – “Төремұрат”
“Домбыра-думан” байқауына 14 жастағы талапкер Айназ Кемеңгерқызы Қарағұл қатысып жатыр. Жас дарын Жанкелдин ауданы Торғай ауылында тұрады. “Dan-As” шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі. Айназ Құрманғазының күрделі күйлерінің бірі “Төремұратты” нақышына келтіре орындаған екен. Бірге тыңдап көрейік, лайықты бағасын берейік!
Арқалықта Азия елдерінің балуандары төбе көрсетті
Онда кезіндегі еркін күрес жаттықтырушылары мен спортшыларын еске алуға арналған еркін күрестен 2009 – 2011, 2012 – 2014, 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир» алтыншы рет жалауын көтерді.
Велошерушілер 50 шақырымды еңсерді
Астана күніне орай Қостанай-Садчиков-Қостанай тас жолында өткен вело жарысқа қатысушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан 50 шақырымдық жолды оңай жүріп өтті.
Тыңдаушы, сен де түзел…
«Әннің де естісі бар, есері бар…». Мұны әуеннен, нотадан мін теру үшін айтып отырғанымыз жоқ. Ел құлағына сіңісті болып қалған кейбір әндердегі шалағайлау мәтіндерді сөз еткіміз келеді.
Қостанайда ірімшік зауытының құрылысы жүріп жатыр
Қостанайда «Милх» компаниясы ірімшік шығаратын зауыт салып жатыр. Құрылысы қараша айында толық аяқталуға тиіс. Болашақ өндіріс орнының қазіргі жай-күйімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып танысты.
Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін бюджетте шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында хабарланды.