Арқалық 2023 жылдың қорытындысы бойынша спорт жұлдыздарын марапаттады.
Ел рәміздері ұлықталды
«Тәуелсіздік аллеясында» 4 маусым – ҚР Рәміздері күніне арналған ту көтеру патриоттық акциясы айшығын тапты.
«Түйме қыз — 2024» байқауының жеңімпазы анықталды
Аманкелділік бүлдіршіндердің сүйікті байқауына айналған «Түйме қыз» биыл 32-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Күні кеше ғана өткен байқауда бес жасар Аяла Бақытбек жеңімпаз атанды.
Қайырбеков көшесінің тұрғындары ауладағы жол сапасына сын айтты
Қайырбеков көшесіндегі 53-үйдің тұрғындары аулаларының алдындағы жаңадан төселген жолдың сапасыз жасалғанын айтып шағымданды.
«Қостанай таңы» газеті редакциясында тіл мамандары бас қосты
Бүгін облыстық «Қостанай таңы» газеті басшылығының ұйымдастыруымен «Тіл тазалығы. Қазір қолданыста жүрген, жиі кездесетін қателер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қарашаңырақ қабырғасындағы келелі жиынға есімдері елге танымал тіл мамандары, тәжірибелі педагогтар шақырылды.
Қаржы нарығындағы алаяқтық азаймай отыр
Қаржы пирамидалары қаржылық инвестициялар саласындағы ең көп таралған қауіпті қылмыстық компаниялар. Осындай алаяқтық істің кесірінен миллиондаған халық сан соғып, миллиардтаған қаражат көлемінде залал келіп отыр. 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 36 қаржы пирамидалары, What’s APP чаттары арқылы жасалған 200 алаяқтық іс анықталды.
«Жол ісінде кәсібилік және жауапкершілік бәрінен маңызды» дейді еңбек адамы
«Қажсервис» ЖШС Қостанай облыстық филиалында бірегей маман, жиырма жылдық еңбек өтілі бар Ерболат Кенжебекұлы Бершімбаев жол жұмысшысы болып қызмет істейді. Оның аймақтың инфрақұрылымын дамытуға және қолдауға қосқан үлесі зор. Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау және жөндеу — Ерболат Кенжебекұлының білімі мен тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар кәсібилігінің жоғары деңгейін талап ететін міндеттер. Ерболат Кенжебекұлы […]
Қостанай қаласының әкімі иесіз қалған ғимараттарды мемлекет меншігіне өткізуді тапсырды
Ондай нысандар, біріншіден балалардың қызығушылығын оятса, екіншіден қаңғыбас адамдардың басыбайлы мекеніне айналғаны жасырын емес.
Қостанайдағы «Салтанат» базары алынып тасталады
Өйткені, жол үстіне салынған. Қала әкімі Марат Жүндібаев базар 2025 жылдың наурыз айына дейін ғана жұмыс істейтінін айтты. Меншік иесімен келіссөз жүргізілген.