Бүгін Қостанайда ҚР Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында облыс патриоттарының «Жыл патриоты-2024» форумы өтті.
Мереке күні өмірге келген нәрестелерге тосынсый жасалды
«Ауыл» ХДПП «Мейрім құшағы» комисиясының мүшелері халықаралық Балаларды қорғау күніне орай облыс көлемінде туған бірнеше нәрестеге тамаша сыйлық жасады. Оларды перзентханадан сән-салтанатын жасап, жөн-жоралғысымен шығарып алды.
Елдің барлық мектебінде буллингке қарсы бағдарлама пайда болады
Жаңа оқу жылынан бастап, Қазақстанның барлық мектебіне “Дос болайық” атты буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі. Бұл туралы BaigeNews.kz жазады.
Жалған қабылдау дерегі расталған медициналық ұйымға үш есе айыппұл салынады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі қаражаттың ашық жұмсалуына қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ұялы телефоныңызды белгісіз біреулер тыңдап, бақылай ма?
Мұны анықтау үшін гаджеттегі смартфон, ноутбуктағы бірнеше сипаттамалық белгілерді ескеру қажет. Бұл туралы киберқауіпсіздік, IT және маркетинг саласындағы сарапшы Евгений Питолин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлытаудағы командалық айтыста қостанайлық өнерпаздар жеңіске жетті
Жезқазғанда өткен “Ұлт ұраны – Ұлытау” республикалық командалық айтысында Тобыл-Торғай құрамасы Ұлытау тобынан басым түсті.
Сарыкөл ауданындағы бірнеше ауылда құрылыс жұмыстары қызады
Ауыл ахуалын түзеуді алғы орынға қою, шалғайдағы жұрттың өмір сапасын жақсарту, тұрмысын тұрақтандыру – мемлекет назарда ұстап отырған міндет. Қадамды жеделдете түсу үшін түрлі бағдарлама іске қосылып, қилы жобаның тұсауы кесілді. “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” қағидасын жіті ұғатын жергілікті кәсіпкерлердің де демеуі көп. Сарыкөл ауданы да бұл тұрғыдан нәтижесіз емес.