Арқалық қаласындағы «Алюминқұрылыс» ЖШС көктемгі тасқын судан зардап шеккен Жанкелдин ауданы, «Көкалат» ауылының «Көлқамыс» бөлімшесінде 10 үйдің құрылысын бастағалы отыр.
Қала көшелерін ластауға жол берген мердігер жазаланды
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев бұған дейін құрылыс алаңында әр мердігер ұйымның көлік жуу орынын салуы шарт деген болатын. Яғни, құрылыс алаңынан шығар кезде, көліктің дөңгелектерін жуулары қажет. Қала көшесін ластауға рұқсат жоқ.
Қамыстылық футболшылар облыс чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бұл қамыстылық футболшылардың Қостанай облысының аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тарихындағы алғашқы жеткен жоғарғы жетістігі.
“Қазына” клубының мүшелері “Кел, шырқайық!” бағдарламасына қатысты
Садчиков модельді ауылдық кітапханасының бастамасымен зейнеткерлерден құралған «Қазына» клубының мүшелері Алматы қаласындағы КТК телеарнасының «Кел, шырқайық!» бағдарламасында өнер көрсетіп қайтты.
Бүгін еккен ағаш ертеңгі ұрпаққа сая болады
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Садчиков ауылдық кітапханасы жанынан құрылған «Қазына» клубының мүшелері сенбілік өткізді.
Жан Даутов халықаралық олимпиданың жеңімпазы
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасынан Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жан Даутов алтын медаль алды.
Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.
Лисаков қаласында бейбіт пен келісімнің аспектілері талқыланды
Биыл Қостанай облысының психологтар қауымдастығы Лисаков қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобаны іске асырды.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Астанадан шалғай ауылдарға аттанды
Дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз Астанадан 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсету үшін жолға шықты.
Елімізде 127 заңсыз қоқыс орны анықталды
Республика аумағында тұрмыс және құрылыс қалдықтарын, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне қатысты арнайы акция өткізіліп жатыр.